27 Мамыр, 2011

Халыққа қызмет – елге қызмет

420 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қайрат Мәмидің төр­ағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы оты­рысы болып өтті. Күн тәр­тібіне сәйкес әуелі депутаттар Сенат Төр­ағасының ұсы­ны­мын қарай келіп, Ү.Стамқұловты Консти­ту­ция­лық Кеңес мүшесі қызметіне қайта  тағайындады. Отырыста «Ұжымдық қауіп­сіз­дік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қор­ғау органдары мен арнайы қыз­меттерін жарақтандыру үшін ар­найы техника мен арнайы құ­рал­дарды жеткізудің жеңілдікті шарт­тары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қа­был­данды. Бұл келісімге 2007 жылғы қазан айында Душанбеде қол жеткізілген болатын. Құжат ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аймақтағы қылмыспен күрес са­ласындағы халықаралық ынты­мақ­тастығын одан әрі нығайтуды көздейді. Талқыланғаннан кейін «Қа­зақ­стан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселе­ле­рі бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу тура­лы» заң жоба­сын Сенат енгізген өзгерістерімен Мәжіліске жіберу туралы шешім қабылданды. Отырыста сондай-ақ «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне элек­трон­ды ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқы­лымда мақұлданды. Құжатта ұсы­нылған өзгерістерге сәйкес Әкімші­лік құқық бұзушылық ту­ралы, «Салық және бюджетке тө­ленетін басқа да міндетті төлем­дер туралы» (Салық кодексі) кодекстерге, «Қа­зақ­стан Республи­ка­сы­ның Ұлттық банкі туралы», «Қазақстан Респуб­ли­касындағы банктер және банк қызметі ту­ралы», «Төлем және ақша ауда­рымдары туралы» заңдар­ға өзгерістер енгізілетін болды. Екі заң жобасы бойынша де­путаттардың көптеген сауалдары­на Байланыс және ақпарат министрі А.Жұмағалиев пен Ұлттық банк төрағасының орынбасары Б.Тәжияқов жауап берді. Жалпы отырыста сенаторлар «Қазақстан Республикасының кей­­­бір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жо­басы жөнінде Парламент пала­талары арасындағы келіспеушіліктерді қарау және еңсеру үшін келісім комиссиясының құрамы­на өз әріптестерін сайлады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.
Соңғы жаңалықтар