27 Мамыр, 2011

Спорт – сана қалыптастыратын сала

382 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Туризм және спорт министрлігінде Дүниежүзі қазақтары құ­рыл­тайының аясында шетелдегі қандас­тары­мызбен кездесу өтті. Кездесуде Туризм индус­трия­сы комитетінің төр­айы­мы Қар­лы­ғаш Кәкен мен Спорт істері жөніндегі коми­те­т төрағасы Елсияр Қанағатов бұ­қа­ралық спорт­ты да­мыту, елімізге туристерді көптеп тартуда істеліп жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы мәлімет берді. Содан кейін Ұлыбритания­да­ғы қазақ қоғамының басшысы Кес­сижи Исмаил сөз алды. Ол құ­рыл­тайдың барлық дү­ние жүзі қазақтарын бір мақ­сатқа жетелеу үшін біріктіретін үлкен күш екенін айтып, солардың бірі футболдан ұйымдастырылатын жа­рыс екенін тілге тиек етті. Сон­дықтан ол Еуропа қазақ­тары­ның арасы­нан шыққан талантты жастар Қа­зақстанның ішкі чем­пио­наттары­на, жарыстарына қа­тыс­тыру үшін таңдап алынса, олар болашақта ұлттық құрамада өнер көрсетсе деген тілегін жеткізді. Кездесуде екінші болып сөз алған Қытайдан келген қанда­сымыз Хайза Тәбәрікқызы қазір екі ел арасында барыс-келістің жыл сайын қиындап бара жат­қанына, Алтайдың арғы жағын­дағы ағайындардың атамекенге келу ниеті зор екеніне, осы күн­дері виза алу мәселесі айлар бойы сағызша созылып, шешілмейтін мәселеге айналып отырға­нына өкінішін білдірді. Ол Қы­тайдан атамекенге келемін деп буынып-түйініп отырған қан­дастарымыз­ды Қазақстанға әкелу үшін басқа да жолдарды қарас­тыру керектігін айтты. Қа­зақстанның туристік фирма­лары Қытайдағы қандастарымызға же­ңіл­дікпен 10-15 күнге сапар жа­сайтын жолдамалар берсе деген тілегін жеткізді. Сонда Қазақ­стан­ға келген қандастарымыз осы уақыт ішінде алдағы кезде атамекенге келемін бе, келмеймін бе деген мәсе­лелерін шешіп алуға да мүмкіндік алар еді. Келесі кезекте сөз алған  Омбы облысының «Мөлдір» мә­де­ни орталығының жетекшісі Ал­тынай Жүнісова министрлікке өз ұсынысын көлденең тарт­ты. Ол әуелі Ресейде қазақ­тар­дан құрыл­ған «Намыс» коман­дасына Қазақ­стан­ның ішкі жарыстарына қа­тыс­тыру мүмкін­дігі берілсе, осы күзде Қажы­мұ­қанның 140 жыл то­луына орай Омбыда қазақ күре­сінен халықара­лық турнир өтсе деген тілегін білдірді. Шеттегі қандастарымыз тілді сақтау, салт-дәстүрді дәріптеу сияқты мәселелер  өздерін қалай толғандырса, адамның ұлттық сана-сезімін қалыптастыратын са­ла­лардың бірі туризм және спорт саласында да шетел қазақтарын алаң­датып, мазалайтын пробле­ма­лардың бар екенін жа­сыр­мады. Кездесу соңында Туризм және спорт министрлігінің өкілдері олар­дың барлық ұсыныстары қарас­тырылатынына  сендірді. Дастан КЕНЖАЛИН.