27 Мамыр, 2011

Құрылыс ісіндегі ықпалдастық ыңғайы

346 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Астанада ТМД мемлекет­те­рі­нің салалық министрліктері мен ведомство басшыларының қаты­суы­мен Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тастығы елдерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жө­ніндегі үкіметаралық кеңесінің XXXI мәжілісі өтті. Аталмыш жи­ында еліміз тарапынан Құры­лыс және тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылық істері агент­ті­гінің төрағасы Серік Нокин баяндама жасады. Үкіметаралық кеңес отыры­сын­да ғимараттар мен құры­лыс­тардың энергетикалық тиімділігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық базаны да­мыту және жетілдірумен қатар құрылыстағы техникалық реттеу де әңгіме болды. Сондай-ақ, ТМД елдерінің лицензиялау органдары құрылыс қызметін жүзеге асы­руға берген лицензияны және Ре­сейдің өзін-өзі реттейтін ұйым­дары берген рұқсаттар туралы куәліктерді өзара тану мәселесі сөз болып, құрылыс өнімдерінің құнын есептеуді оңтайландыру үшін нормативтік-әдістемелік құ­жат­тардың бірыңғайланған жүйе­сін жасау секілді тақырыптар әңгіме өзегіне айналды. Жиын барысында журналистерге сұхбат берген Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин салада бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған еурокодтарды енгізу екенін айтса, ал екінші мәселе біздің құрылысшылар өзге ТМД елдеріне жұмысқа барғанда Қазақ­стан­да берілген өзіміздің лицен­зия­ларды оларда қабылдау қажет­тілігі болып отырғандығын тілге тиек етті. Жаңа құрылыс саласы мен тұрғын үйлер ғимараттарын жөн­деу жұмыстары қай кезде де күн тәртібіне жиі шығатын мәсе­ле­лердің бірі. Сондықтан да, бас­қо­суда тақырыпқа орай көтерілген көптеген түйткілді мәселелер тараптардың өзара тәжірибе ал­масуларына зор мүмкіндік бергендей. Алдағы уақытта отандық құрылыс компанияларының ТМД елдеріне ортақ лицензиямен жұ­мыс істеу мүмкіндігіне қол жеткізу шаралары да осы отырыста қа­рас­тырылған. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.