15 Қараша, 2016

Ең жарық айдың көріністері

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2 2016 жылы қарашаның 14-інен 15-іне қараған түні қазақстандықтар ең әдемі астрономиялық құбылыс - ең жарық айды тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ай 1948 жылдан бері алғаш рет Жерге ең жақын қашықтыққа таяп келді. pap_1864 Айдың Жерге барынша жақындаған сәті (астрономияда перигей деп аталады) толған аймен тұспа-тұс келсе (суперлуние), оның нұры ерекше жарық болады. Айдың Жерді айналатын орбитасы жұмыртқа тәрізді болғандықтан, Айдың барынша жақын келетін сәттері болады. Енді мұндай сәттің тағы қайталануын 18 жыл күту керек. Келесі жолы Ай жерге 2034 жылы 25 қарашада жақын келеді. Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық желіде толған ай аясындағы Байқоңыр зымыранының фотосуреттері жарияланған еді. 3665350873