15 Қараша, 2016

Аграрлық сала айшықтары

439 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Орталық коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің даму көрсеткіштері мен ауыл шаруашылығы саласының тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері жөнінде, сондай-ақ елімізде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы төңірегінде баспасөз конференциясы өтті. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары Әсел Рамазанова 90-шы жылдардың соңында агроқұрылымдардың қар­жы­лық жағдайын жақсарту мақсатында қаржылық оңалту және санация жүргізу туралы теңдессіз шешім қабылданғанын атап өтті. Оның айтуынша, дер кезінде қолға алынған осы шаралардың арқа­сында несиелік қарыз 67,2 млрд тең­геге азайып, 55 пайызға қысқарған. Соны­мен қатар, ауыл шаруашылығы тауарларын өнді­руші­лер үшін салық төлеу кезінде жеңіл­­діктер қарастырылуы және бюджет­тік қарызды кейін төлеуге рұқсат еті­луі саланың қарқынды дамуына жол ашты. «Бірінші онжылдықтың саяси және экономикалық нәтижелері меншіктің мемлекеттіктен жеке қолға өтуі және нарықтық экономиканың құқық­тық негіздерінің қалыптасуы. Ауыл­дарда нақты меншік иесі пайда болып, менталитет өзгеріп, нарық­тық ұстанымдарға негізделген жаңа өн­дірістік қарым-қатынас орнады. Мем­лекеттік ұжымшар және кеңшар­лық өндіру жүйесі жаз мезгілі­не қарай тоқтатылды. Бұл ауыл шаруа­шы­лығының жаңаша дамуына және өндірістің қарқынды өсуіне негіз болды. Екін­ші онжылдық бәсекеге қабілетті өнді­ріс саласының экономикалық дамуы­мен сипатталады», – дейді Ә.Рамазанова. «Жалпы, ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі 2015 жылы 3,3 трлн теңгені құрады. Бұл 2001 жылмен салыс­тырғанда 6 есе артық. Жыл сайын әлемнің 70-тен астам еліне 5-8 млн тонна астық экспорттайтын Қазақстан бүгінгі таңда астық өндіру бойынша ірі мемлекетке айналды. Жыл сайын 2,5 млн тоннаға дейін ұн экспорттап, әлем бойынша көшбасшы орындардың бірін иелендік», – деді спикер. Бұдан кейін сөз алған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ бас­қарма төрағасының орынбасары Са­лауат Шериазданов ел Тәуелсіз­дігінің 25 жылдығы холдингтің 10 жыл­ды­ғы­мен сәйкес келіп отырғанын және осы уақыт ішінде холдинг компа­ния­ларының тобы жалпы аграрлық сектор­дың дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. «Осы 10 жыл ішінде «ҚазАгро» холдингі елдің агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2 трлн теңгеден астам қаражат бағыттады, – деді ол. – Егер алғашқы жылдары агроөнеркәсіп кешенін дамытуға біз 116 млрд теңге бағыттаған болсақ, соңғы жылдары бұл сома шамамен 300 млрд теңгені құрады». Айдар ӨРІСБАЕВ, «Егемен Қазақстан»