15 Қараша, 2016

«Самұрық-Энерго» журналистерге байқау жариялайды

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Самұрық-Энерго» АҚ-тың тәуелсіз Қазақстанның энергетика саласындағы даму мен жаңартуға бағытталған жобаларының жүзеге асуы жайлы журналистер арасында жариялаған шығармашылық байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда. Байқауға республикалық, аймақтық, шетел ақпарат құрал­дарының кәсіби журналистері, штаттағы және штаттан тыс қызметкерлері, оған қоса, интернет журналистері мен блогерлер қатыса алады. Байқауға 2016 жылғы қаңтар­дан бастап 20 желтоқсанға дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ма­териал­дар қабылданады: ма­қа­лалар, репортаждар, арнайы видеошығарылымдар (ұзақ­тығы 10 минуттан көп емес), сұхбат, очерктер, жария­лан­ған материалдарға интернет сілтемелер. Байқауға жіберілген жұмыстар 10 номинация бойын­ша келесі талаптарға сай бағаланады: тақырыптың ашылуы, ақпаратты беру тәсілі, ақпа­ратт­ың құндылығы, ақпарат­тың нақтылығы мен дұрыстығы. Байқау жеңімпаздары әр номинация бойынша марапатталады. Байқауға қатысу үшін журналистер БАҚ редакциясы атынан ұсынылған материалды көрсете отырып, өтінім жіберуі тиіс. Өтінімге қоса, жарияланған материалдардың электронды және немесе қағаз бетіне ба­сылған нұсқаларын келесі мекен­жай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 15А, Q бизнес орталығы, «Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар кеңсесіне (Журналистер байқауына деген белгімен) немесе a.zhekenova@samruk-energy.kz почтасына жіберу қажет. Өтінімдер 2016 жылғы 20 желтоқсанға дейін қабылданады. Байқаудың қорытындысы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін анықталып, жеңімпаздар жарияланады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі байқау қоры­тындысы жарияланғаннан кейінгі бір ай көлемінде болады. Байланыс телефондары:  (8717-2) 692-365; 553-062.
Соңғы жаңалықтар