• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тағайындау Бүгін, 17:57

Бекболат Молдабеков Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Үкіметінің қаулысымен Бекболат Молдабеков Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Қаулыға сәйкес, ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бекболат Серікұлы Молдабеков 1991 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін және М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын «Элит Құрылыс Строй» ЖШС-да инженер-бағдарламашы болып бастаған.  2022 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Әділет вице-министрі қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар