• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 16:15

Алматы облысында белгісіз біреу әйел адамды қылғындырмақ болған

Алматы облысында белгісіз ер адам әйелді қылғындырмақ болды. Аталған жайтқа қатысты тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 6 маусым күні Шамалған ауылында болған. Алдын ала ақпарат бойынша белгісіз ер адам көшеде кетіп бара жатқан әйелдің мойнына арқан салып, тұншықтыруға әрекет жасаған. Алайда әйел қарсылық көрсетіп, қашып кеткен.

Жәбірленушінің туыстарының мәліметінше, құзырлы органдарда бейнебақылау камераларының жазбалары болғанына қарамастан, күдіктінің жеке басы әлі анықталмаған.

Алайда тәртіп сақшылары іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ заңға қайшы әрекет жасаған адамды анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», делінген облыстық полиция департаментінің мәлімдемесінде.

Терезеден сығалап, мазасын алған: Атырау облысында сталкинг туралы жаңа бап негізінде үкім шықты

Еске сала кетейік, бұған дейін Жетісу облысында қызды ұзақ уақыт бойы аңдып, куәгерге пышақ кезенген азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Алакөл аудандық соты оны шизофрения диагнозына қатысты қылмыстық жауапкершіліктен босатып, психиатриялық стационарға емдеуге жіберу туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар