• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 12:42

Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы Венгриямен жолдастық кездесу өткізеді

Бүгін, 9 маусымда Венгрияның Дебрецен қаласындағы «Надьердеи» стадионында Венгрия мен Қазақстан ұлттық құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді. Матч Қазақстан уақыты бойынша 22:00-де басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашылары қатарына Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы») шақырылған.

Қорғаушылар сапында Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де – «Қайрат»), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағи Совет («Қайсар») бар.

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»), Серікжан Мужиков («Жетісу»), Әбинұр Нұрымбет («Оқжетпес).

«Ордабасы» футбол клубының атауы өзгереді

Шабуылшылар қатарында Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек пен Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Роман Муртазаев («Елімай»), Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана») бар.

Айта кетейік, қос құрама тарихта бұған дейін екі рет кездескен. 2014 жылы өткен алғашқы матчта Венгрия 3:0 есебімен жеңіске жетсе, 2018 жылғы жолдастық ойында Қазақстан 3:2 есебімен басым түскен болатын.

Қазақстан футбол құрамасы бұған дейін 6 маусымда Арменияға қарсы ойын өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті. Матчта ұлттық құрама сапынан жалғыз голды Максим Самородов соқты.

Соңғы жаңалықтар