• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:35

Алматыдағы зообақ аумағынан өрт шықты

Түнде Алматы зообағы аумағында өрт шықты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

ТЖД мәліметінше, зообақ ішіндегі жалға алушыға тиесілі фотосалон бутигі мен жанында орналасқан серуендеуге арналған экскурсиялық электрмобильдер отқа оранған. Өрт сөндірушілер 25 шаршы метр аумақтағы өртті толық сөндірді.

Хайуанаттар бағының баспасөз қызметі зообақтың мүлкіне зиян келмегенін хабарлады. Қызметкерлер мен жануарлар арасында зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді.

Бұған дейін Алматы облысында ер адам итті өртеп жібергені туралы хабарладық. Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Соңғы жаңалықтар