«Қазгидромет» 9 маусымға арналған Қазақстан аумағындағы ауа райы болжамын ұсынды. Астана мен еліміздің солтүстігінде дауыл, найзағай, бұршақ және аптап ыстық күтіледі, батыс өңірлерде жаңбыр жауады, деп хабаралйды Egemen.kz.
Астанада – күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +31...+33°C болады.
Алматыда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с, екпіні 11 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде +17...+19°C, күндіз +31...+33°C күтіледі.
Шымкентте – бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с болады. Температура түнде +20...+22°C, күндіз +33...+35°C болжанған.
Ақтауда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Температура түнде +15...+17°C, күндіз +25...+27°C болады.
Ақтөбеде бұлтты, жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел 9-14 м/с болады. Температура түнде +13...+15°C, күндіз +20...+22°C күтіледі.
Атырауда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Температура түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C болады.
Жезқазғанда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде +18...+20°C, күндіз +27...+29°C күтіледі.
Қарағандыда күн бұлтты болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 7-12 м/с, екпіні 15–20 м/с болады. Температура түнде +18...+20°C, күндіз +32...+34°C күтіледі.
Көкшетауда – құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Температура түнде +17...+19°C, күндіз +30...+32°C болады.
Қонаевта – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с, екпіні 17–22 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде +17...+19°C, күндіз +34...+36°C болады.
Қостанайда – бұлтты, жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел 9-14 м/с болады. Температура түнде +10...+12°C, күндіз +19...+21°C болжанған.
Қызылордада – күн ашық, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с болады. Температура түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C күтіледі.
Павлодарда – күн бұлтты болады, жаңбыр жауып найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с болады. Температура түнде +17...+19°C, күндіз +35...+37°C күтіледі.
Петропавлда – күн бұлтты, жаңбыр, найзағай болжанған. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Температура түнде +17...+19°C, күндіз +30...+32°C болады.
Семейде – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Температура түнде +15...+17°C, күндіз +33...+35°C болады.
Талдықорғанда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Температура түнде +15...+17°C, күндіз +33...+35°C күтіледі.
Таразда – күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с болады. Температура түнде +20...+22°C, күндіз +30...+32°C күтіледі.
Түркістанда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с болады. Температура түнде +23...+25°C, күндіз +34...+36°C күтіледі.
Оралда – күн бұлтты, жаңбыр, найзағай болжанған. Жел 9-14 м/с болады. Температура түнде +13...+15°C, күндіз +25...+27°C болады.
Өскеменде – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с болады. Температура түнде +12...+14°C, күндіз +30...+32°C күтіледі.
Қазақстанда жаз айларында ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы