«Тобыл» футбол клубында кезекті кадрлық өзгерістер болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Егер команда Қазақстан премьер-лигасының келесі турында Атырау клубын жеңе алмаса, онда клуб бас бапкерді ауыстыруы ықтимал.
Бұл қызметке негізгі үміткерлердің бірі ретінде Милич Чурчич аталып отыр. Сербиялық маман 1 маусымнан бастап «Тобылды» тізгіндеп кетуі мүмкін. Сонымен қатар, Азат Нұрғалиев «Қызылжардың» бас бапкер міндетін уақытша атқарушы болуы ықтимал. Үміткерлер қатарында Самат Смақов пен Қайрат Нұрдәулетов те бар.
Еске салайық, қостанайлық клубтың қазіргі бас бапкері Мирослав Ромащенко осы жылдың 22 сәуірінде тағайындалған болатын. Содан бері команда 5 матч өткізіп, алғашқы ойында Каспий клубын жеңгенімен, кейін қатарынан төрт рет жеңіліске ұшырады.
Миллиардер Шухрат Ибрагимов «Тобыл» футбол клубын сатып алды
Милич Чурчич үшін бұл «Тобылға» алғашқы келуі болмайды. Ол 2023–2024 жылдары қостанайлық клубта жұмыс істеп, сол кезеңде команда Қазақстан Кубогы мен Қазақстан суперкубогын жеңіп алған.
Қазіргі таңда Қазақстан премьер-лигасы турнирлік кестесінде «Тобыл» соңғы орында тұр. Команда 11 матчта небәрі 2 жеңіске жетіп, доп айырмасы −10 көрсеткішін тіркеген.