• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 17:55

15 наурыз күні «Инватакси» қызметі тегін болады  

10 рет
көрсетілді

Алматыда тұрғындар республикалық референдум өтетін күні сайлау учаскелеріне бару үшін «Инватакси» қызметін тегін пайдалана алады. Қызмет арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтарға, сондай-ақ көру қабілеті бұзылысқа ұшыраған адамдарға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Инватакси» қызметінің жұмысын қаланың Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырады.

Референдум қарсаңында тәуелсіз бақылаушылардың ақпараттық штабы жұмыс істейді

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, референдум күні қалада 170 «Инватакси» автокөлігі жұмыс істейді. Оның ішінде 36 арнайы жабдықталған көлік және 2020 жылдан ерте шығарылмаған 134 жеңіл автомобиль бар. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көлік қызметін көрсету үшін қосымша 20 кезекші автокөлік тартылады.

«Сол күні «Инватакси» қызметіне диспетчерлік қызметтердің телефон нөмірлері арқылы тапсырыс беруге болады.

Арбамен қозғалатын және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар үшін: +7 707 710 60 50 +7 747 195 35 75 +7 747 402 64 15

Көру қабілеті бұзылысқа ұшыраған азаматтар үшін: +7 727 338 32 78 +7 705 980 87 09 +7 705 831 48 14

Сондай-ақ, референдум күні кезекші автокөлікті +7 700 151 0701 немесе 338-30-09 нөмірлері арқылы шақыруға болады», делінген хабарламада.

Көрсетілген нөмірлерге тұрғындар «Инватакси» қызметінің сапасына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда немесе тасымалдау барысында мәселелер пайда болса да хабарласа алады.

Жауапкершілік алатын кез келді: Сарапшы жастарды референдумға қатысуға шақырды

Бұл іс-шаралар азаматтардың еркін қозғалуын қамтамасыз етуге және республикалық референдумға қатысу үшін баршаға тең мүмкіндік жасауға бағытталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды референдумға белсене қатысуға шақырды

Соңғы жаңалықтар