Аймақтар • Бүгін, 15:22

Қостанай облысында цифрлық кәсіпорындардың үлесі 34%-ға артты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында өндіріске IT-технология шешімдерін белсенді енгізіп жатқан өнеркәсіп нысандарының саны екі есе өсті. Егер 2022 жылы кәсіпорындардың 17,8%-ы ІТ-технология игілігін пайдаланса, бүгінде бұл көрсеткіш 34%-ға жеткен. Бұл жөнінде Үкімет отырысына қатысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында цифрлық кәсіпорындардың үлесі 34%-ға артты

Әкімнің айтуынша, мұндай өсімге жоғары технологиялық өндірістерді іске қосу арқылы қол жетіп отыр. Мысалы, биыл Қостанайда іске қосылған «KIA» зауыты 68 өнеркәсіптік роботпен жабдықталған. Аталған кәсіпорында өндірістік желілердің 60%-ы автоматтандырылған. Ал «KamLitKZ» кәсіпорындарында өндіріс тиімділігін 15%-ға арттыратын ЖИ және машиналық көз жүйелері енгізілген.

«Заманауи өндірістер жаңа форматтағы мамандарды талап етеді. Осыған байланысты өңірдің ЖОО-да әлемнің жетекші университеттерімен қос дипломды білім беру бағдарламалары ашылды. «Ақпараттық технологиялар» мамандығына басымдық беріліп отыр, соған сәйкес жасанды интеллект кафедрасы ашылды», дейді облыс әкімі.

Жалпы, биылғы 10 айдың ішінде өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2 трлн теңгені құрап отыр. Оның ішінде машина жасау саласындағы өсім 22,6%-ға жетті.