Қоғам • Бүгін, 10:55

«96,9 мыңнан астам өтінім қаралды: Мүгедектікті сырттай анықтаудың артықшылығы неде?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы қанатқақты режимде барлық өңірде іске асырылып келеді. 2025 жылдың алғашқы айларында 99,6 мыңға жуық өтінім осы тәсілмен қаралған. Қазіргі таңда мамандар 30 түрлі нозологиялық нысан бойынша сырттай куәландыру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

«96,9 мыңнан астам өтінім қаралды: Мүгедектікті сырттай анықтаудың артықшылығы неде?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім қашықтан қаралған. Бұл сол жылы мүгедектік үшін куәландырылған азаматтардың жалпы санының 37,4%-ын құрайды.

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мекемелерге сабылып баруын, артық құжат жинату мен тікелей байланысқа жол беруді азайту қажеттігін атап өткен еді.

«Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде қанатқақты режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асырып жатыр», делінген хабарламада.

Сырттай куәландыру форматына көшу:

  • Артық әкімшілік рәсімдерді қысқартады;
  • Сараптамалық шешімдердің ашықтығын арттырады;
  • Әлеуметтік қорғау қызметтерін үйден шықпай алуға мүмкіндік береді;
  • Қызмет алушы мен қызмет көрсетуші арасындағы тікелей байланысты болдырмай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.