• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Инфрақұрылым Бүгін, 10:00

Қызылордада Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының жалғасы пайдалануға берілді 

10 рет
көрсетілді

Қала күні қарсаңында облыс орталығындағы Тәуелсіздікке 25 жыл  даңғылының екінші кезеңі аяқталып, Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейін жаңадан салынған автомобиль жолының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған ҚР Парламент Сенатының депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, қала тұрғындары қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жол инфрақұрылымын дамытуда атқарылған жұмыстарды атап өтіп, жиналған қауымды жаңа жолдың ашылуымен құттықтады.

«Қызылорда мегаполис болмағанымен, қарқынды қалалық инфрақұрылым мен өмір сүру сапасын арттыру, экономиканы әртараптандыру бағытында нақты қадам жасаған қала. Халық саны жыл сайын өсіп келе жатқан облыс орталығында аймақ тұрғындарының шамамен 50%-ға жуығы тұрады. Біз жұртшылықтың жайлы өмір сүруіне бағытталған, қауіпсіз, таза, қолжетімді әрі зияткер қала құру бағытында нақты қадамдар жасадық. Облыс орталығының негізгі көшелері, Шиелі ауданынан кіреберіс жол, Яссауи, Жаппасбай батыр магистральді көшелері төрт жолақты болып кеңейтілді. Бүгін Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының екінші кезеңі аяқталып, ел игілігіне табысталып отыр.

Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалынан бастап Гагарин көпіріне дейінгі 27,3 шақырым жол төрт жолақты болып салынды. Жол бойындағы Сыздық, Жаңадария, Шіркейлі каналдары үстіндегі 3 көпір қайта жаңғыртудан өтіп, төрт жолақты болып кеңейтілді.

Бұған бюджеттен 23 млрд 962 млн теңге бөлінді. Жолдарды дамыту қалада өмір сүруді әлдеқайда ыңғайлы әрі қауіпсіз етіп, көліктердің кедергісіз қозғалысына оң септігін тигізеді.

Құрылыс жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде жүргізген «УАД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қызылордалықтардың атынан шынайы алғысымды білдіремін. Жаңа жол берекенің бастауына айналсын!

Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!», деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Рәсімде жаңа жолды сапалы етіп салуға үлес қосқан мердігер мекеме қызметкерлері Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Қоғам қайраткері Ибрагим Әбибуллаев ақ батасын берді.

Тәуелсіздік даңғылының ашылу рәсімінде авто және велошеру ұйымдастырылды.

Шеруде кейінгі жылдары заманауи техникамен қамтамасыз етілген салалардағы көліктер көрсетілді.