Бүгін Атырауда «Жұмысшы мамандығы және Қазақстан жазушыларының шығармалары» тақырыбымен Қазақстан Жазушылар одағының көшпелі пленумы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еліміздің руханиятына үлес қосқан қаламгерлерге құрметті атақты Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов тапсырды.
Қазақстанның Құрметті жазушысы атанғандардың бірі – Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов. Танымал өнер қайраткері қазақтың халық әндері мен композиторларының шығармашылығын зерттеп жүр. Халық әндерінің шығу тарихынан бірнеше кітап жазды.
Сондай-ақ, ақындар, Жұмекен Нәжімеденовтің шыығармашылығын зерттеуші, филология ғылымдарының докторы Қадір Жүсіп, жергілікті өлкетанушы Төлеген Жаңабаев, айтыскер Жәниба Қарасаева аталған атаққа ие болды.